«Жұмысқа орналасу кезінде Қазақстан азаматтарына басымдық беріледі. Сырттан келген азаматтар бірінші кезекте қазақстандықтар арасында сұранысқа ие емес: маусымдық жұмысшылар, құрылыс секторы – гастарбайтерлер деп аталатын орындарды алатын болады», – деді ол.Алайда журналистер ресейліктердің ауруханалар, мектептер және IT салаға шақырылып жатқанын атап өтті. Мысалы, Оралда Самарадан, Мәскеуден және Новосибирскіден келген үш дәрігер жұқпалы аурулар ауруханасына жұмысқа қабылданды дегенді айтты. Бұл тұста министрдің алдыңғы айтқан сөзі өзгергендей болды.
«Жеке сектор бар, онда бәсекемен таңдалады. Бірқатар айтишниктердің деңгейі жоғары, осы жылдың наурыз айынан бастап Беларусь, Украина, Ресейден келген мамандар ағыны келді. Бұл үрдіс жалғасуда», – деді министр.ҰЭМ басшысы ресейліктерді жұмысқа орналастыратын жеке кәсіпкерлер сол салықты төлейтінін атап өтті. Бұл ретте мемлекеттік компанияларға жұмысқа орналасу кезінде қазақстандықтарға басымдық берілетін болады.
«Мемлекеттік компанияларға келетін болсақ, әрине, Қазақстан азаматтарына басымдық беріледі, бұл – ұлттық мүдде. Сонымен бірге ҚР заңнамасын білуді талап етеді және құпиялылық жағы да бар», – деді ол.
Taulik.kz