"Алдағы эпидемиялық маусымда ДДСҰ деректері бойынша 2022/2023 эпидемиялық маусымға арналған вакцинаға енгізілген вирустың үш штаммы - A (H1N1), A (H3N2) және В өзекті болады", - деді Есмағамбетова. "Көптеген адамдар тұмауды ауыр ауру ретінде қабылдамайды. Сонымен қатар, жыл сайын маусымдық тұмаудан 650 000-ға дейін адам қайтыс болады. Сондықтан тұмауға қарсы егу өте маңызды, әсіресе жас балаларды, қарттарды, жүкті әйелдерді және иммундық жүйесі әлсіреген адамдарды қорғау үшін екпе егу қажет", - деді Айжан Есмағамбетова.
Taulik.kz