logo
search
menu

Соңғы уақытта ата жұртына қайтқысы келетін қазақтар саны күрт артқан

Соңғы уақытта ата жұртына қайтқысы келетін қазақтар саны күрт артқан
29 қыркүйек, 2022
Соңғы уақытта ата жұртына қайтқысы келетін қазақтар саны күрт артқан
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Жыл басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне көшіп келді, деп хабарлайды Taulik.kz "Отандастар" қорына сілтеме жасап. 
    Олардың 70 пайыздайы Өзбекстаннан қоныс аударған. Өзгелері Қытай мен Түркіменстан, Моңғолия және басқа да елдерден келген. Қандастарға қолдау көрсету мақсатында құрылған Отандастар қорының мәліметінше соңғы жылдары ата жұртына қайтқысы келетін қазақтардың саны күрт артқан. "Отандастар" қоры алыс-жақын шет елдердегі қазақтармен үнемі байланыста.
    Мамандардың айтуынша атамекеніне оралғысы келетіндер көп. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн 99 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне қоныс аударды. Көш әлі де жалғасады.
    Taulik.kz
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы