logo
search
menu

Дағыстандықтарды наразылыққа шығуға итермелеп, арандатқан - Украинаның арнайы қызметі

Дағыстандықтарды наразылыққа шығуға итермелеп, арандатқан - Украинаның арнайы қызметі
29 қыркүйек, 2022
Дағыстандықтарды наразылыққа шығуға итермелеп, арандатқан - Украинаның арнайы қызметі
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Дағыстандағы қоғамдық тәртіпті бұзуға дейін барған наразылықты Украинаның арнайы қызметі арандатқан, деп мәлімдеді аймақ басшысы Сергей Меликов. Бұл туралы Taulik.kz хабарлайды.

    Бұған дейін әлеуметтік желілерде Дағыстандағы мобилизацияға байланысты рұқсат етілмеген митингілердің видеолары тараған болатын. Военкоматтар көп балалы отбасыларды, мүгедектерді, қарт кісілер мен жарияланған талаптарға сай келмейтін басқа да адамдарды әскерге алып жатыр деген ақпараттар желдей ескен еді.

    “Дағыстандықтар араға кім от салып, арандатушылық тудырғанын түсінсе екен деймін. Олар біздің ел қорғаушы сарбаздарымызды өлтіріп жатқан жандар”, - деді аймақ басшысы.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы