БАҚ: «Солтүстік ағын» газ құбыры енді пайдалануға жарамсыз

БАҚ: «Солтүстік ағын» газ құбыры енді пайдалануға жарамсыз

ашық дереккөзі

Ресейде «Халықаралық терроризм актісі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды Taulik.kz.  Неміс қауіпсіздік қызметтерінің пайымдауынша «Солтүстік ағын 1» және «Солтүстік ағын 2» газ құбырларының үш құбыры зақымданғаннан кейін мәңгілікке жарамсыз болып қалады деп болжайды. Оларды тез арада жөндемесе, құбырға көп тұзды су кіріп, коррозияға ұшыратады, деп жазады немістің "Tagesspiegel" басылымы. Nord Stream операторы, швейцариялық Nord Stream AG компаниясы бұл төтенше жағдайдың бұрын-соңды болмағанын және жөндеу мерзімінің қашанға дейін созылатыны белгісіз екенін айтты. Газ құбырларының зақымдану себебінің бір күдігі - сүңгуірлер жарылғыш заттар қою мүмкін деген. Бұған дейін ядролық сүңгуір қайықтар зиян келтіруі мүмкін деген нұсқа ұсынылды. Орын алған оқиға Дания, Швеция және Германияда тексерілуде. Ресейде 28 қыркүйекте «Халықаралық терроризм актісі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды Ресей Федерациясының бас прокуратурасы. Бұған қоса, Ресей «Солтүстік ағынның екі желісіне қарсы диверсияға байланысты» БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады.Ресей Федерациясының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский Telegram-да кездесудің 30-қыркүйекке жоспарланғанын хабарлады. 26-қыркүйекке қараған түні Данияның айрықша экономикалық аймағындағы Борнхолм аралының маңында Балтық теңізінің түбімен тартылған «Солтүстік ағын-1» және «Солтүстік ағын-2» газ құбырлары зақымданды. Швед және Дания сейсмологтары су астындағы күшті жарылыстарды тіркеді. Ағып кету орын алды. Данияда, Швецияда және Польшада олар дереу диверсия жариялады.

Taulik.kz

Loading...