logo
search
menu

Шымкент қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ филиалына жаңа басшы келді

Шымкент қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ филиалына жаңа басшы келді
29 қыркүйек, 2022
Шымкент қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ филиалына жаңа басшы келді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Шымкент қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ филиалының директоры болып Сансызбайұлы Балмейір тағайындалды. Бұл туралы taulik.kz тілшісі хабарлайды.

    Сансызбайұлы Балмейір бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары болған.

    Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданының тумасы.

    2014 жыл - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін,  2018 жыл - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін аяқтаған.

    Еңбек жолын 2015 жылдан бастап, түрлі лауазымды қызметтерде болған. Атап айтқанда: Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары, Шымкент қаласы, Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

    Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы