Мәзір
30 қыркүйек, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Салмағы 600 грамм: Жүктіліктің 23-аптасында дүниеге келген сәбиді дәрігерлер аман алып қалды

Салмағы 600 грамм: Жүктіліктің 23-аптасында дүниеге келген сәбиді дәрігерлер аман алып қалды

Салмағы 600 грамм: Жүктіліктің 23-аптасында дүниеге келген сәбиді дәрігерлер аман алып қалды Салмағы 600 грамм: Жүктіліктің 23-аптасында дүниеге келген сәбиді дәрігерлер аман алып қалды
ашық дереккөзі
Жүктіліктің 23-аптасында дүниеге келген сәбиді дәрігерлер аман алып қалды, деп хабарлайды Taulik.kz ZTB.kz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.  Зере мерзімінен бұрын яғни жүктіліктің 23-аптасында дүниеге келген. Дүниеге келген кезінде баланың салмағы небәрі 600 грамм, бойы 32 см болатын. Қыздың анасы босанғаннан кейін ауруханада 124 күн болған. Оның 88 күнін реанимацияда, ал қалған күндерін жаңа туған нәрестелерді күту бөлімінде өткізген. Бір күн бұрын анасы мен қызы үйіне шығарылды. Кішкентай Зеренің салмағы шығар алдында шамамен 3 кг болған. Жыл сайын Астанадағы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында салмағы 1500 граммға дейін 80-ге жуық сәби дүниеге келеді. Ағымдағы жылдың тоғыз айын қоса есептегенде ауруханадан дәл осындай 50 бала шығарылды.

Taulik.kz

Апта талқысында: