Мәзір
3 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Антикор қызметкерін қорқытқан полиция майоры қамауға алынды

Антикор қызметкерін қорқытқан полиция майоры қамауға алынды

Антикор қызметкерін қорқытқан полиция майоры қамауға алынды Антикор қызметкерін қорқытқан полиция майоры қамауға алынды
ашық дереккөзі
Желіде қарапайым адамның Антикор қызметкерін тапаншамен қорқытқан видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай ауданы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат (пара) алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан. Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді (Билік өкіліне қауіп төндіру). Ал 29 қыркүйек күні күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Taulik.kz

Апта талқысында: