Мәзір
3 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Ресейліктерге ЖСН беру мемлекетке төнген қауіп пе? - заңгер жауабы

Ресейліктерге ЖСН беру мемлекетке төнген қауіп пе? - заңгер жауабы

Ресейліктерге ЖСН беру мемлекетке төнген қауіп пе? - заңгер жауабы Ресейліктерге ЖСН беру мемлекетке төнген қауіп пе? - заңгер жауабы
ашық дереккөзі
Ресей басшысы Владимир Путин өз елінің соғысқа жарамды ер азаматтарына мобилизация жарияланғаннан кейін, Қазақстанға қалып келушілердің саны күрт артты. Осы маңызды тақырып аясында Taulik.kz тілшісі кәсіби заңгер Әлібек Алмабаевпен тілдесті. 
-Путин мобилизация жарияланғаннан кейін, еліміздің әр қаласына ресейліктер ағыла бастады. Басшылықтың айтуынша, біз шекараға шектеу қояалмаймыз. Бірақ, келген азаматтардың көпшілігіхалыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезекке тұрып, ЖСН алуда. Қаншалықты дұрыс? Осыған орай заңгер ретінде не айтасыз?
-Әрине, ресейлік азаматтардың Қазақстанға көптеп босып келуі мүлдем дұрыс емес деп санаймын. Бүгінгі таңда бұл үрдіс бізге және біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірмегенімен келешекте мұның аяғы үлкен әлеуметтік-құқықтық және геосаяси-экономикалық проблемаларды тудыратыны күмәнсіз факт.
Себебі әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, кез келген мемлекетке босып келген өзге елдердің өкілдері өздері шоғырланған жерде өз ұлтының саясатын, мәдениетін, дәстүрін енгізумен қатар, сол кезінде өздерін паналатқан мемлекеттен тіл еркіндігін, мәдениетін, дәстүрін т.б. мемлекеттік деңгейде заңмен қорғалуын талап етуімен қатар, бізге үй бер, жер бер, біздің тілімізде тәрбиелеп оқытатын балабақша, мектеп салып беріңдер, тілімізді мемлекеттік тілмен теңестіріңдер деп талап қоюды бастайды.  
Ал біздің тіліміздің шұбаралануына осы көршіміздің тигізген септігінің мол екенін ескерсек, бізді не күтіп тұрғанын ойлаудың өзі қиын. Онымен қоймай бүгінгі босқындарға ЖСН беру дегеніміз олардың еңбекке араласуына тікелей мүмкіндік беру деген сөз. Бұл дағы біздің еңбек нарығындағы онсыз да орын алып отырған проблемаларды ұлғайтпаса кемітпейді.
Ендеше ресейлік босқындарды лек-легімен енгізіп, оларға ЖСН беру дегеніміз мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіру деп бағалаймын.
-Жалпы заң, құқық тұрғысынан бізге шетел азаматтарынан қандай қауіп бар? -Егер ресей федерациясының картасына қарайтын болсақ нақты тек орыс ұлты шоғырланған жердің көлемі оймақтай ғана жер. Бұл көрші мемлекеттің негізгі жер көлемі солардың боданында қалған өзге ұлт өкілдерінің үлесінде. Енді сол бұратана халықтың экономикасының өркендеп, халқының әлеуметтік жағдайының көркейіп тұрғанын ешкім атап бере алмайды. Керісінше Петербор, Мәскеу, Владивосток және Екатеринбургтен оғаш жатқан елді-мекендердің барлығы қайыршылықтың күнін кешуде. Ал енді қазақстаннның жер қойнауы толған қазба байлық екенін ескерсек, айдаһарлы және аюлы елдерінің қызығушылығы неде екенін анық байқауға болады. Сол себепті де шетел азаматтарының біздің елге көптеп ағылуы және азаматтық алуы саяси-құқықтық тұрғыдан аса қауіпті деп санаймын.

-Жалдамалы пәтер бағасының өсуі әлі де тоқтар емес. Заңсыз әрекет екенін біле тұра, аңқау студенттерді пайдаланған үй иелері қалай жазаланады?

-Иә, өкінішке қарай меркантильді ойдың иегінде кеткен азаматтар біздің елден де табылуда. Бұл біздің кейбір ұлт өкілдерінің дүниеқоңыздығы мен намыссыздығын көрсетеді. Әрине бұл өте нашар көрсеткіш. Мен мұны бүгіндегі қоғамда орын алып отырған басқарушы биліктің әрекетсіздігінен және сол биліктің саяси-экономикалық дағдарысты қолдан жасаудан пайда болған «сырқаттың синдромы» деп санаймын. Құпия емес, бүгінде адамдардың басым бөлігі несиелік борыштың құрбандары. Табыс көзі мардымсыз. Азық-түлік пен тұтынушы заттардың құны шарықтап тұр және үздіксіз өсуде. Ал адамдарға несиелік борыштан құтылу қажет. Дегенмен нақты ұлтжанды адамдарға бұл қоғамдық проблема азуға негіз болмауы тиіс деп санаймын.

Ал алданған студенттерге келетін болсақ олар белгілі бір пәтерді жалға алған кезде пәтер иесімен белгілі бір мерзімге тоқтасқан. Осы шартты бұзған тараптың әрекеті яғни біздің жағдайымызда үй иесінің әрекеті заңсыз болып табылады. Себебі оның да басында жауапкершілік қарастырылған. Ал келісім шартты бұзу үшін сол мүдделі тарап кемінде бір ай бұрын хабарлап, келісімнің бұзылатынын хабарлауы керек.

Егер пәтер иесі пәтерді дереу босат деген талап қоятын болса оны орындамай қойюға жалдаушының құқығы бар. Ондай жағдайда пәтер иесі сотқа жалдаушыны барлық отбасы мүшелерімен мәжбүрлеп шығару туралы талап арызбен жүгіне алады.

Ондай талап арыз қанағаттандырылуы мүмкін егер шарттың мәні бұзылған жағдайда. Алайда шарттың мәні бұзылмаса керісінше сот шешімі жалдаушының мүддесіне шешілуі де мүмкін.

Өкінішке қарай, аңқау студентті алдаған пәтер иесін жауапкершілікке тарту көп жағдайда мүмкін емес, егер ол мемлекеттік кіріс басқармасында өзін пәтерлерді жалға берумен айналысатын кәсіпкер ретінде тіркесе. Тіркелмеген жағдайда жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ондай жағдайда пәтер иесіне сот қаулысымен әкімшілік айыппұл тағайындалады.

-Шетелдіктер ҚР азаматтығын алу үшін алдағы уақытта ел азаматшаларымен отау құруы белең алуы мүмкін бе? Бізде бұған арналған қатаң шара бар ма? Тексеріле ме?

-Бүгінгі таңда біздің мемлекетте ұлтты рухани бағытта тәрбиелеу жұмыстары қолға алынғанымен оның нәтижесі көңіл көншітерлік деңгейде емес. Бұл жариялы жағдай. Оның көрінісін өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығып, отбасын құрып жатқан қыздарымыздың қылығынан көріп жүрміз. Әрине, бұл жол берілмеуге тиіс келеңсіз жағдаяттар. Мен бұл проблеманы ұлт тағдырына балта шабу, тұқымды тоздыру деп түсінемін. Өкінішке қарай біздің мемлекетте бұл «дәстүрді» тоқтататын, шектейтін заң қарастырылмаған. Онымен қатар жастардың, әсіресе бойжеткендеріміздің бұл шешімдері тексерілмейді. Ал егер ондай тексеруді жүргізсеңіз сіздің өзіңізді заңмен қудалануыңыз мүмкін. Себебі ол басқа адамның жеке өміріне қол сұғу деп бағаланады. Бүгінгі таңда бұл мәселе тек ата-ананың шектеуімен тоқтатылуы мүмкін. Әрине бұл жерде қоғамның да рөлі мол және көптеген әлеуметтік желілерде қоғам белсенділері мен ұлт жанашырлары бұл мәселені көптеп көтеруде. Алайда бұл проблеманы заң шығармай белгілі бір жүйеге келтіру тіпті де мүмкін емес. Осының нәтижесінде әрине өзге елден келген келімсектер ҚР азаматтығын алу үшін біздің қара көз қыздарымыздың басын айналдырып, неке құрып алулары әбден мүмкін. Себебі ондай некелер ҚР азаматтығын алудың ең оңай жолы болып табылады.

Сонымен қатар, мен өзім бүгінде ресей мемлекетінен келіп жатқан босқындары үш деңгейге бөлемін.

1. Өздерімен бауырлас болып келетін славян ұлт өкілдеріне қарсы негізсіз қару қолданып, адам өлтіріп, олардың балаларын жетім, жұбайларын жесір қалтырып, қолын қанға бояғысы келмейтінқашқындар.
2. Соғыстан басын арашалап алуды мақсат еткен, өлімнен қорыққан қашқындар.
3. Белгілі бір мемлекеттік жүйе жобасының қатысушысы болып, бүгінгі аласапыранды пайдаланып біздің елге келіп жатқан болашақ жансыздар, диверсанттар.

Бұларды қашқындар деп атауымның басты себебі олардың мемлекетіне сырттан ешқандай да қауіп төніп тұрған жоқ. Сол себепті қазақ даласына кеңес үкіметі келген кезде шекара асып кеткен қандастарымызбен бұларды мүлдем салыстыруға болмайды. Ол кезде біздің қандастарымыз отбасы мүшелерін, ұлт мәдениеті мен дәстүрін, тілін, тарихи тұрмысы мен болмысын сақтап қалу үшін жер ауып кетуге мәжбүр болған.

Енді жоғарыда аталғандардың үшеуін де біздің елге өткізу кәдімгідей қауіп тудырады.

Себебі алғашқы екеуі өз елінде заңсыздықтың алдын алып, өз құқықтарын пайдалана отырып, диктатурамен күресудің орнына жан сауғалап қашқан опасыздар. Бұл ертең біздің елдің басына күн туса тағы да жылы жаққа ұшқан құстар құсап, өздеріне жылы жер іздеп кете беретін отансыздар. Олардың бойында ұлттық патриотизм, туған ел мен туған жерге деген сүйіспеншілік сезім жоқ. Бұндай ұлт өкілдері тек өздерінің қара бастарының қамы үшін ғана өмір сүреді және ертең дядя Володиясы немесе сол тұқымдас біреу бас көтерсе біздің емес керісінше солардың сойылын соғып шыға келетін болады.

Ал үшіншісін анықтау біздің ҰҚК қызметкерлерінің үлесіндегі іс. Бұл жерде қателесуге мүлдем болмайды деп санаймын. Міне осы аталғандардың негізінде өзге ұлт өкілдерін соның ішінде әсіресе орыстарды Қазақстанның аумағына лек-легімен енгізу аса қауіпті.

-Сұхбаттасқаныңызға рақмет!

Інжу ӨМІРЗАҚ,

Taulik.kz

Апта талқысында: