logo
search
menu

Польша азаматы Қазақстан президенті болуға кандидатурасын ұсынды

Польша азаматы Қазақстан президенті болуға кандидатурасын ұсынды
3 қазан, 2022
Польша азаматы Қазақстан президенті болуға кандидатурасын ұсынды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Польша азаматшасы Балли Мажец (Қазақстанның тумасы Балжан Наурызбаева) Президент сайлауына кандидатурасын бірнеше рет ұсынуға қадам жасады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Алайда табандылығына қарамастан, оның өтініші қабылданбады.
    «Конституцияның 41-бабының 2-тармағына сәйкес қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда кейінгі он бес жылда өмір сүрген және жоғары білімі бар азамат Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алады. Конституциялық заңда кандидаттарға қосымша талаптар қойылуы мүмкін», - деді ОСК.
    Сонымен қатар президенттікке үміткер мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл жұмыс істеген болуы керек.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы