Бүгін Алматы қаласында «Аманат» комиссиясының пресс-конференциясын өткіздік.
Қаңтар айында құрылған «Аманат» қоғамдық комиссиясы бүгінге дейін жұмысын тоқтатқан жоқ.
Қаңтар айынан бері комиссия жергілікті прокуратура органдарымен және Қазақстан адвокаттар одағымен бірлесе отырып, қаңтар оқиғасына қатысушы азаматтарды босату, ақтау жұмыстарын бірігіп, жүргізген болатын.
Бұдан бөлек комиссиямыздың ұсталғандарға рақымшылық жасау жөніндегі ұсынысы Мемлекет басшысына жетіп, қолдау тапқанын білесіздер.
Қазан айынан бастап Комиссияның ендігі жұмыстары төмендегідей екі бағытта жүргізілетінін мәлімдегіміз келеді.
Бірінші. Қаңтар оқиғасына қатысып, түрлі айыптар тағылып отырған азаматтарға рақымшылық жасау жөніндегі заң жобасына қатысу және орындалуына қоғамдық қадағалау.
Екінші. Қаңтар оқиғасы кезінде түрлі дене жарақатын алған, мүгедек болып қалған азаматтардың және оқ тиіп қаза болған марқұмдардың отбасына қаржылай көмек беру арқылы өтемақы, яғни, компенсация ұйымдастыру.
Аталған жұмыстарды тұрақты үйлестіру мақсатында Алматы қаласында «Аманат» комиссиясының офисі ашылып, жұмыс жасай бастағанын хабарлаймыз. Офисқа дүйсенбі-жұма аралығында, таңертеңгі сағат 10.00-17.00 сағ. арасында келуге болады.
Офистің мекен-жайы: Бұқар жырау көшесі, 33, 3 кабинет.
Тұрақты байланыс телефоны: 87076072107(WhatsApp).
Ескерту: байланыс телефонына және офисқа тек екі мәселе бойынша: қылмыстық ісі қысқартылған азаматтарға өтемақы және рақымшылыққа байланысты сұрақтар бойынша ғана хабарласуыңыз сұралады!
«Аманат» партиясының
баспасөз қызметі