Мәзір
3 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Мародерлар ресейліктердің шекарада қалдырып кеткен көлігін тонап жатыр

Мародерлар ресейліктердің шекарада қалдырып кеткен көлігін тонап жатыр

Мародерлар ресейліктердің шекарада қалдырып кеткен көлігін тонап жатыр Мародерлар ресейліктердің шекарада қалдырып кеткен көлігін тонап жатыр
ашық дереккөзі
Мародерлар елге келген ресейліктердің Қазақстан мен Ресей шекарасында қалдырып кеткен көліктерін тонап жатыр. Бұл туралы «Надежда» басылымы куәгерлерге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Taulik.kz сайты. Басылымның ақпаратынша, Шаған–Орынбор бағытындағы шекарада 40–қа жуық, ал Самара бағытында тағы он шақты көлік тұр. Мародерлар барлық машиналарды бөлшектеп, шиналарын алып тастаған.
«Қазақстанға кірген ресейліктердің мүлкін ешкім қайтармайтын секілді. Олардың тарапынан өтініш жазылмағандықтан, тонау фактілері тіркелмейді», – деп жазады «Надежда» басылымы.
Айта кетейік, 20-30 қыркүйек аралығында БҚО шекарасын алты шекара пункті арқылы 50,9 мың орыс кесіп өткен болатын. Бір ғана 29 қыркүйектің өзінде Ресейдің 13 мыңға жуық азаматы аймаққа кірген. Жалпы БҚО Ресей Федерациясының бес облысымен шектеседі.

Taulik.kz

Апта талқысында: