«Менің ойымша, ол қару-жарақ жөнелтілімдері өтетін кейбір қару-жарақ тарату нүктелеріне, соның ішінде Польшаға соққы жасауы әбден мүмкін», – деді ол.Ол майдандағы жағдай Путинді тығырыққа тіреп, тәуекелдерге апаруы мүмкін екенін айтады.
«Егер Путин Украинаға Батыстың қару-жарақ жеткізгеніне байланысты жеңіліп жатқанын түсінсе, оның қару-жарақ жеткізу нүктелерінің кейбіріне соққы жасауы мүмкін. Ядролық соққылар туралы көп айтылып жатыр, бірақ мен Ресейдің НАТО аумағындағы ықтимал шабуылына алаңдаймын», – деді Рубио.Егер бұл сценарий орындалса, НАТО мұндай соққыға жауап беруге мәжбүр болатынын баса айтты.
Taulik.kz