2 қазанда Қазақстанның 31 жастағы азаматы Георгий Санкт-Петербургтегі военкоматтан шақырту қағазын алды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Георгий Мәскеу облысында өз пәтерінде тұрады. Шақыру қағазын ер адамға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қызметкері әкелген. Қазақстандық оған төлқұжатын көрсеткен. Ал әлгі қызметкер шақыртуына тиісті жазба қалдырыпты.
Георгий Қазақстан Республикасының Бас консулдығына хабарласқан. Онда консул бұл мәселе жөнінде хабардар етуге уәде берген. Сонымен қатар, военкомат тарапы қазақстандыққа өзі туралы ақпаратты түзетіп, болашақта сотқа шақыру қағазын алмау үшін белгіленген күні келуге кеңес берген.
Георгийдің 2017 жылдан бері Ресейде тұруға рұқсаты бар. Бірнеше жыл бұрын ол Санкт-Петербургке оқуға келген. Содан кейін жұмыс істеу үшін сонда қалған.
Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде мобилизация жариялаған болатын. Осыдан кейін Ресей Федерациясынан басқа елдерге қашқан адамдардың саны күрт артты.
Taulik.kz