logo
search
menu

Қостанайдағы қару дүкенінің не себепті жарылғаны белгілі болды

Қостанайдағы қару дүкенінің не себепті жарылғаны белгілі болды
4 қазан, 2022
Қостанайдағы қару дүкенінің не себепті жарылғаны белгілі болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Бас прокуратура ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Қостанай қаласында болған «Оружейная палата» дүкеніндегі жарылыс және өрт фактісін тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Өрт салдарынан 11 адам зардап шекті, оның 4-еуі көз жұмды. Олардың барлығы дүкеннің жұмыскерлері еді. Жарылыстан көршілес орналасқан коммерциялық нысандар мен тұрғын үйлер де зақымданды. Тергеу анықтағандай, дүкеннің басшысы оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болғандықтан, оқиға қарсаңында Қарағанды облысынан «Сокол» маркалы 40 килограмм оқ-дәріні кейіннен өлшеп орау және сату үшін сатып алған. Бұл оқ-дәрі Қостанай қаласына ауа температурасы 36 градус ыстық болған кезде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұза отырып тасымалданған және жарылыс орын алған дүкеннің жертөле бөлмесіне сақтауға қойылған. Сарапшылар жарылыстың себебі оқ-дәрінің тұтануы болды, бұл қирауға және өрттің тұтануына әкеп соқты деген қорытындыға келді. Қазіргі уақытта тергеу кінәлі адамдардың жауаптылық дәрежесін анықтап жатыр.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы