logo
search
menu

Сары нөмірлі көліктер заңдастырыла ма?

Сары нөмірлі көліктер заңдастырыла ма?
5 қазан, 2022
Сары нөмірлі көліктер заңдастырыла ма?
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Пайдалану құқығы шектеулі сары қазақстандық нөмір алған, Армениядан әкелінген көліктер заңдастыруға жатады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Ведомство мәліетінше, сары нөмірлі көлік иелері бастапқы тіркеу ақысын төлесе ақ нөмірді ала алады. Бұл шамамен 200-250 мың теңге. Бүгінде меморгандар Салық және Экология кодексіне түзетулер енгізіп жатыр. Оның ішінде, бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңге мөлшерінде алым ставкаларын бекіту және автомобильдерді жария ету кезінде кәдеге жарату үшін алымның күшін жою бөлігі бойынша түзетулер бар. Сондай-ақ оларды жария етудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын Үкімет қаулысы әзірленеді.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы