«Агенттік ресми сайтта және әлеуметтік желілерде тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша ақпаратты үнемі жариялап отырады», - деп жауап берді агенттік Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында.Бас прокуратура да екі азаматтың арнайы прокурорлармен жүргізіліп жатқан істер бойынша фигурант емес екенін хабарлады. Қаржы мониторингі агенттігі де Байбек пен Нығматулинге қатысты істердің ҚМА-да тіркелмегенін жеткізді. Айта кетейік, Бауыржан Байбек 2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімі болды. 2019 жылы AMANAT (бұған дейін Nur Otan) партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметті 2022 жылдың ақпанына дейін атқарды. Ерлан Нығматулин – мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің бауыры. Сондай-ақ ол ферросилиций өндіретін «YDD CORPORATION» ЖШС акционері. 2020 жылғы ақпарат бойынша зауыттың қуаттылығы жылына 180 мың тонна өнім өндіруге жетеді. Онда қолданылатын технология ферросилиция мен ферромарганец өндіруге мүмкіндік береді. Жобадағы отандық өнімнің үлесі 95 пайыздан асады. Зауыттың акционерлері – Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және Жармұхамед Аппаз.
Taulik.kz