Мәзір
5 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Қырымнан бас тартса бейбітшілік орнауы мүмкін»: Илон Масктің ұсынысы қызу талқыға түсті

«Қырымнан бас тартса бейбітшілік орнауы мүмкін»: Илон Масктің ұсынысы қызу талқыға түсті

«Қырымнан бас тартса бейбітшілік орнауы мүмкін»: Илон Масктің ұсынысы қызу талқыға түсті «Қырымнан бас тартса бейбітшілік орнауы мүмкін»: Илон Масктің ұсынысы қызу талқыға түсті
ашық дереккөзі
Илон Маск Қырымның Хрущевтің қателігімен Украинаға берілгенін айтты. Америкалық миллиардер, SpaceX компаниясының басшысы Украина территориясының бір бөлігін Ресейге беру арқылы ресей-украин соғысын тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Сондай-ақ ол Twitter желісінде соғыстың қалай аяқталатыны жайлы кішігірім сауалнама жүргізді. Илон Маск Украина Қырымнан бас тартқаннан кейін бейбітшілік орнауы мүмкін деп санайды. Оның айтуынша, Қырым Украинаға Хрущевтің жіберген қателігінен кейін ғана берілген. Әрі «Украина Қырымды сумен қамтамасыз етуі керек». Сонымен қатар америкалық миллиардер қақтығыстың нәтижесі ядролық соғыспен аяқталуы мүмкін екенін айтты. Желі қолданушылары жазбаның астында ұсынысты қызу талқылады. Илон Масктің жазбасынан да көп лайк жинаған АҚШ Конгресінің аға кеңесшісі Пол Массаро пікірінде Украинаның қазіргі жай-күйі туралы сөз қозғады.
«Украина өзіне тиесілі аумақты азат етіп жатыр. Ал Ресей отарсыздандырылып, демилитаризацияланып, ядролық қарудан шығарылады», – деп жазды ол.

Дайындаған: ГауҺар Есенгелдіқызы

Апта талқысында: