«Ең таңғаларлығы, Хаменова «Балқытау» ЖШС басшысы Ө.Адамұлымен мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасаспаған. Себебі, біріншіден, бұл келісім-шартты Атырау қаласы әкімдігінің мәдениет бөлімі жасаған. Екіншіден, аталған мәдениет бөлімі Атырау қаласы әкімінің аппаратына және қала әкімінің өзіне тікелей бағынады. Үшіншіден, Хаменова да, облыс әкімдігіне қарасты басшылардың басқасы қанша қаласа да, «Балқытау» ЖШС басшысымен келісім-шартқа отыра алмайды. Өйткені Абай Құнанбайұлы ескерткішін орнатуға қатысты мемлекеттік сатып алу шартын жасасу туралы шешім 2019 жылы Мәдениет министрлігі жанындағы арнайы комиссияның отырысында шешімін тапқан. Яғни мұның барлығы Хаменованың Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанға дейін бірнеше ай бұрын жүзеге асқан», - деп мәлімдеді заңгер.https://www.youtube.com/watch?v=bsusekXiZKQ&list=TLGGBjqLX-bG4WowNzEwMjAyMg
Taulik.kz