logo
search
menu
Таиланд балабақшасында 37 адамды өлтірген ер адам өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі

Таиланд балабақшасында 37 адамды өлтірген ер адам өзіне қол жұмсады

Таиланд балабақшасында 37 адамды өлтірген ер адам өзіне қол жұмсады Таиландтың солтүстік-шығысындағы балабақшада жаппай атыс ұйымдастырған Таиланд полициясының бұрынғы қызметкері өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Интерфаксқа сілтеме жасап. Олардың айтуынша, балабақшадағы атысқа дейін ол отбасын атып өлтірген. Айта кетейік, бұған дейін Таиландтың солтүстік-шығысындағы Нонгбуалампу провинциясында жас балаларды дамыту орталығында 34 бала атыс кезінде қаза тапқан еді. Thai PBS-тің хабарлауынша, бір жыл бұрын есірткіге тәуелділігі үшін қызметтен босатылған полиция экс-сержанты мас күйде болған болуы мүмкін. Қаскүнем қылмыс орнынан көлігімен қашып кеткен, содан кейін оған іздеу жарияланды.

Taulik.kz