"Отбасы бұл саяжайға екі ай бұрын Тараз қаласынан көшіп келген. Қаза тапқандардың анасы 1973 жылы туған азамат Іле ауданындағы мектептердің бірінде аспаз болып жұмыс істейді. Қайғылы жағдай болған күні марқұм күйеуі таңғы сағат 5-те жұбайын жұмысқа апарып, үйіне қайтады. Шамамен 16.00-де жұмыстан қайтқан әйел оларды өлі күйінде тапқан. Марқұмдар пропан газы баллонынан уланған", - деді баспасөз қызметіндегілер.Анықталғандай, ер адам үйіндегі газ-пешіне 25 литрлік газ баллонын өз қолымен қосып қойған. Оқиға орнында жедел топ, Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу сынақ өрт зертханасы, сондай-ақ жедел-тергеу тобы мен Іле аудандық ішкі істер бөлімі мен жедел жәрдем жұмыс істеді.
Taulik.kz