Мәзір
8 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қырым көпіріндегі жарылыс: кім, қалай, енді не болады?

Қырым көпіріндегі жарылыс: кім, қалай, енді не болады?

Қырым көпіріндегі жарылыс: кім, қалай, енді не болады? Қырым көпіріндегі жарылыс: кім, қалай, енді не болады?
ашық дереккөзі
Ресейден Қырымға қарай салынған көпірде өрт шығып, жарылыс болды. Алдын ала ақпарға қарағанда, төтенше жағдай темір жол торабында орын алған, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Өрт Краснодар өлкесіндегі Тамань станциясынан келе жатқан жанармай тиеген пойызда шыққан. Бірақ Қырымдағы тұрғындар қатты жарылыс болғанын айтады. Апат салдарынан көліктерге арналған көпір жолы да бүлінген. Қазір өткелде қозғалыс тоқтады. Ресей тарапы оқиғаның мән-жайын жан-жақты тексеру үшін арнайы комиссия құратынын мәлімдеді. Айта кетейік, Қырым көпіріндегі төтенше жағдай реттелмейінше, Қырыммен қала маңындағы теміржол қатынасы тоқтайды. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, әзірге зардап шеккендер жоқ.

Дайындаған: Гүлзат Талғатқызы

Апта талқысында: