Мәзір
10 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Ресей Украина қалаларын жойқын бомбаның астына алды

Ресей Украина қалаларын жойқын бомбаның астына алды

Ресей Украина қалаларын жойқын бомбаның астына алды Ресей Украина қалаларын жойқын бомбаның астына алды
ашық дереккөзі
Ресей Украинаның қалаларын бомбаның астына алды, деп хабарлайды Taulik.kz Халық үніне сілтеме жасап. Киев қаласының орталығында бірнеше жарылыс болды. Киев мэрі Виталий Кличконың айтуынша, Шевченко және Соломенский аудандарын зымыранмен атқылаған. Жергілікті БАҚ бомбалаудың үшінші толқыны басталғанын хабарлап жатыр. Украина президенті Владмимир Зеленский халыққа үндеу жолдады. Ол халықты бомбапаналарға жасырыну керектігін айтты. Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко 5 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын, Киевте 12 адамның жараланғанын хабарлады. Харьков қаласында зымырандардың бірі энергетикалық инфрақұрылымның нысанына тиген. Қазір Харьковтің кейбір аудандарында су мен жарық өшкен.  Львов қаласының басшылығы да энергетикалық инфрақұрылым нысандарының зақымданғанын айтты. ТЭЦ жұмысы тоқтаған. Бомбалаудың кесірінен елде интернеттің жұмысы нашарлады. Хмельницкий, Львов, Полтава, Харьков пен Житомир облыстарында интернет өшкен. Қолда бар мәліметке қарағанда, Ресей Украинаға қарсы 40 «Калибр» бағыттаған. Қырым жағалауында 11 кеме маневр жасап жүр.

Taulik.kz

Апта талқысында: