«Біртанов пен Әбішевке «Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және өзара әрекеттесуі» платформасындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізбей-ақ аяқтау, пилоттық пайдалануды енгізу және жұмысы аяқталмаған платформаны қабылдау туралы келісім жасасып, өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. Мемлекетке 1 миллиард 548 миллион 136 мың теңге немесе 4 миллион 177 мың доллар көлемінде залал келтірілген», - деді мемлекеттік айыптаушы Бауыржан Шекенов.Ол Біртанов пен Әбішевтің әрекеті нәтижесінде мемлекет 4 миллион 660 мың доллар көлемінде банк кепілдігін өндіріп алу құқығынан айырылғанын мәлімдеді.
«Сонымен қатар Біртановқа 2020 жылдың маусымында іссапарда болған кезінде COVID-19 тестінен өтіп, теріс нәтиже алғанына қарамастан, Жамбыл облысының емдеу мекемелеріне медициналық көмекке жүгінбей, Ұлттық жедел медициналық жәрдем орталығының қызметкерлеріне Тараздан Астанаға санитарлық авиация бортында тасымалдауды ұйымдастыру туралы заңсыз нұсқау берген деген айып тағылды. Бұл мемлекетке 5,5 миллион теңге шығын келтірді», - деді Шекенов.Біртанов пен Әбішев кінәларын мойындамады.
Taulik.kz