Көру қабілеті «-19» болған жігіт Ресей армиясында қызмет етуге жарамды болып шықты, деп хабарлайды Taulik.kz сайты.
36 жастағы Джамал Исаковтың айтуынша, ол әкесін тіркеу үшін көші-қонға келген. Өзі Тәжікстаннан, бірақ 2009 жылдан бері қос азаматтығы бар.
Отанында ол әскерде қызмет етуге жарамсыз деп танылды. Ал арнайы қызметкерлер бұл мәселені түсінбей, оған бірден шақыру қағазын беріп жіберген.
Құжатты оқығаннан кейін жігіт оны қызметкерге қайтарып, өзінің әскерге жарамсыз екенін түсіндіруге тырысады. Бірақ «сізге акт жасалады» деген сөз естиді. Енді ер адам іздеуге жарияланады.
Taulik.kz