Мәзір
11 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«5:32» сериялының авторлары танымал жазушымен соттасып жатыр

«5:32» сериялының авторлары танымал жазушымен соттасып жатыр

«5:32» сериялының авторлары танымал жазушымен соттасып жатыр «5:32» сериялының авторлары танымал жазушымен соттасып жатыр
ашық дереккөзі
Қазақстандық автор Асқар Жалдинов «5:32» сериалын түсіргендерден моральдық шығын ретінде 300 миллион теңге өндіріп алуды сұрайды. Жазушы осы жазда сериалдағы кейбір оқиғалар өз кітабынан алынғанын айтып, сотқа шағым түсірген болатын. Сериалдың авторлары өздері мұндай айыптаумен келіспейді, деп хабарлайды Taulik.kz сайты oinet.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстанда 1988-2010 жылдар аралығында орын алған қылмыс оқиғалары туралы «5:32» сериалы миллиондаған қаралымға ие болып, көрерменді қатты толқытты. Бірақ кейінірек белгілі болғандай, қазақстандық жазушы Асқар Жалдинов сериалдың кейбір эпизодтарында өзінің «Протоколдан тыс: Қазақстандағы атышулы қылмыстардың құпиялары» кітабының бір тарауынан алынған, яғни жұмыстың плагиат екенін айтты.
«Жалдинов Асқар Мұратұлының нақты талаптары бар. Біріншісі – Асқар Жалдинов Мұратұлының авторлық құқығын көпшілік мойындауы, екіншісі – келтірілген шығынды және моральдық зиянды ақшалай сома түрінде өтеу», – дейді Асқар Жалдиновтың өкілі Батыр Адайбаев.
Жазушы 300 миллион теңге моральдық шығын, ал авторлық құқықты бұзғаны үшін 15 000 АЕК - 45 миллионнан аса теңгеге жуық өтемақы сұрайды. Сериал авторлары арызда құқықтардың қай жерде бұзылғаны нақты көрсетілмегенін алға тартып, өз тарапынан заң бұзушылықтар жоқ деп отыр.
«Бұл фактілер нақты қылмыстық істерде сипатталған. Яғни бұл элементтердің, кейіпкерлердің, кейбір сюжеттердің жасалуында шығармашылық процесс жоқ. Тек еліміздің қылмыстық тарихының мән-жайлары мен фактілері, бұл өмірлік фактілерге сүйене отырып, әрбір шығармашыл адам пайдалануға және қандай да бір шығармашылық өңдеу жасауға құқылы», – дейді Salem Social Media мен Әлішер Утевтің өкілі Наталиа Напавалова.
Асқар Жалдинов өкілдерімен бірге «5:32» сериалының сценарийін ұсынуды сұрады. Олардың пікірінше, талдау барысында кітаптағы материалдардың шын мәнінде пайдаланылғаны белгілі болады. Екінші тарап бұған қарсылық білдірді. Олардың айтуынша, түсірілім барысында сценарий өзгереді, ал талдауға арналған соңғы нұсқасын, яғни сериалдың өзін ашық дереккөзден табуға болады. Нәтижесінде сот өтінішті қабылдап, сценарийдің түпнұсқасын ұсынуды міндеттеді.

Апта талқысында: