«Бізде электронды журнал бойынша түрлі рейтинг ұйымдастыру мәселесіне тосқауыл қою керек деп ойлаймын. Ол қандай рейтингтер? Бұрын қағаз журнал кезінде кім журналды қанша рет толтырады деп жарысатын ба едік? Жалпақ тілмен айтқанда «бүйректен сирақ шығарудың» қажеті жоқ. Түсініксіз рейтингтерді қайдан шығарып алатыны белгісіз. Бұл – мұғалімнің күнделікті жұмысы. Оқушы баға алды ма, ол электронды журналға қойылуы керек. Оған арналған арнайы уақыт бар», - деді Асхат Аймағамбетов.Мұғалімдерді жарыстырып, рейтинг жасау миға қонбайтынын тілге тиек етті.
«Біздің тиісті жүйелерге де тапсырма беру керек. Біз мектепке жоспар дайындау бойынша ешқандай жарыс ұйымдастырып жатқанымыз жоқ қой. Ата-ана баласының оқу үлгерімін көріп отыру керек. Бірақ оны рейтингке айналдыру дұрыс емес», - деді министр.
Taulik.kz