Жапониялық автоөндіруші Ресей нарығынан біржола кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Санкт-Петербордағы Nissan зауыты наурыз айынан бері жұмысын тоқтатқан. Жапониялық компанияның басшылығы Санкт-Петербордағы зауыт пен Мәскеудегі бас кеңсені сататын болды.
Ресейдің орталық ғылыми-зерттеу автомобиль және автомоторлық ғылыми-зерттеу институты аталған зауытты сатып алмақ. Reuters агенттігінің мәліметінше, зауыт 1 еуроға бағаланған.
Nissan 100 миллиард иен (686 455 000 доллар) шығынға батқанымен Ресей нарығынан түбегейлі кететінін мәлімдеді.