logo
search
menu

Атырауда «бомба қойылған» мектептен 70 мұғалім мен 800 оқушы эвакуацияланды

Атырауда «бомба қойылған» мектептен 70 мұғалім мен 800 оқушы эвакуацияланды
12 қазан, 2022
Атырауда «бомба қойылған» мектептен 70 мұғалім мен 800 оқушы эвакуацияланды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Атырауда «бомба қойылған» мектептен 70 мұғалім мен 800 оқушы эвакуацияланды. Мектепте тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды Taulik.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.  Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп директоры бүгін, 12 қазанда білім ордасында жарылыс болатыны туралы ақпарат алған. Ол бұл туралы полицияға хабар берген.
    «Бүгін жергілікті уақытпен сағат 8:20 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы №2 мектеп директоры сағат 10:00-де мектепте жарылыс жасалатыны туралы ақпарат алғанын хабарлаған. Соған сәйкес полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, аталған мектептен 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялады. Қазір мектеп ғимаратын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы