Мәзір
12 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Түрікменстан әлемнен оқшауланған өз интернет желісін құруға ниетті

Түрікменстан әлемнен оқшауланған өз интернет желісін құруға ниетті

Түрікменстан әлемнен оқшауланған өз интернет желісін құруға ниетті Түрікменстан әлемнен оқшауланған өз интернет желісін құруға ниетті
ашық дереккөзі

Түрікменстан билігі жақында бір миллиардтан астам IP мекенжайын бұғаттады, деп хабарлайды Taulik.kz. 

 Қазіргі таңда Түрікменстанда танымал Facebook, Instagram, Twitter, VKontakte әлеуметтік желілері, Youtube, сондай-ақ барлық батыстық жаңалықтар сайтына кіру бұғатталды.

Енді жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, билік бүкіл әлемнен оқшауланған өз интернетін құрғысы келеді.

Turkmen.news редакциясы Түрікменстанның 2022-2025 жылдарға арналған киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның көшірмесін баяндады. Құжатқа сәйкес, билік түрікмен интернет секторын бүкіл әлемнен автономды етуді көздеп отыр.

Үкімет білікті мамандарды даярлауды күшейтуді, азаматтармен түсіндірме әңгіме жүргізуді және киберқауіпсіздік бойынша байқаулар өткізуді жоспарлап отыр.

Taulik.kz

Апта талқысында: