Мәзір
13 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Путин: Ресей Қазақстанның төрағалық бастамаларын қолдайды

Путин: Ресей Қазақстанның төрағалық бастамаларын қолдайды

Путин: Ресей Қазақстанның төрағалық бастамаларын қолдайды Путин: Ресей Қазақстанның төрағалық бастамаларын қолдайды
ашық дереккөзі
Ресей президенті Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) VI саммитінде Ресей қазақстандық төрағалықтың бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бүгінгі кездесу жаһандық саясат пен экономикадағы елеулі өзгерістер аясында өтіп жатыр. Әлем шынымен, көпполярлы болып жатыр. Азия бұл орайда өте маңызды", - деді Ресей президенті.
Өз сөзінде ол Ауғанстан аумағындағы жағдайды қалыпқа келтіру үшін "экономикалық қалпына келуіне бірлесіп жәрдемдесу қажет" екенін атап өтті. Путин "оккупация жылдарында ауғандықтарға келтірілген залалдың орнын толтыруға және заңсыз бұғатталған ауған қаражатын жұмсауға" шақырды.
"Біздің Азиядағы көптеген серіктесіміз сияқты, ондаған жыл бойы капитал мен технологияның барлық ағынын қамтыған өзін-өзі жариялаған "алтын миллиард" біреудің есебінен өмір сүруге мүмкіндік беретін әлемдік қаржы жүйесінің жұмыс принциптерін қайта қарауды бастау қажет деп санаймыз. Бірінші кезектегі қадам ретінде біз өзара есептеулерде ұлттық валюталардың неғұрлым белсенді қолданылуын көреміз. Мұндай шаралар мемлекеттеріміздің қаржылық егемендігін нығайтуға, капиталдың ішкі нарықтарын дамытуға, өңірлік экономикалық интеграцияларды тереңдетуге ықпал ететіні сөзсіз", - деді ол.
Путин Ресей АӨСШК-нің барлық елімен қарым-қатынасты дамытатынын мәлімдеді.
"Кеңесте бірлескен жұмыс ілгерілеп келе жатқанын айта аламын. Ресей осы кездесуде ұсынылған барлық елмен ынтымақтастықты одан әрі дамытады. Қазақстандық төрағалықтың бастамаларын қолдаймыз", - деп түйіндеді Владимир Путин.
Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтіп жатыр. Іс-шараға 11 мемлекет басшылары қатысады.

Taulik.kz

Апта талқысында: