Израиль тарихшысы Арон Шнеердің Путинге Мәскеуді қазақтар құтқарып қалғаны жайлы айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Бұл туралы Бурахан Дағанов өз facebook парақшасында бөлісті. |
"Мына, Израиль елінің тарихшысы Арон Ильич Шнеердің Путинге, кезінде Мәскеуді қазақтар құтқарып қалған деп айтқан видеосын кеше түнде Тик — токқа салып ем 260 мың адам көріпті. Қызық, пікір жазғандардың арасында орыстардың пікірі жоқ", деп жазды автор.Видеода тарихшы:
"1946 жылы Александр Бектың «Волоколамск тас жолы» атты кітабы еврей тіліне аударылды. Жаңа Еврей мемлекеті құрылды. Бұл кітап әр бір Израйл офицеріне қару-жарақпен бірге табысталды. Бұл тек қана оқу құралы ғана болған жоқ. Іс-әрекет етуге негіз болды. Және генерал, Бас штабтың болашақ бастығы Мотес Бург өз естеліктерінеде былай дейді: «Батальон командирі болған Бауыржан Момышұлының сөзін сарбаздардың алдында оқып беріп, бұрылып кеттім, менің сарбаздарым мені түсінді деп ойлаймын. Ал Момыұшлының қашқан солдарттарға айтқан сөзы мынау еді: сен позицияны тастап кеткен жоқсың, сен Мәскеуді тастап кеттің», - деген тарихи естелік айтты Израиль елінен келген тарихшы Арон Ильич Шнеер.
Taulik.kz