Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетіп қалды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Жыл басынан бері елімізде халық саны 163,7 мың адамға немесе 0,8% көбейген.
2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың саны 19 млн 666 мың 800 адам болды. 12 млн 131 мың 100 адам (61,7%) қалада, 7 млн 535 мың 700 адам (38,3%) ауылдық жерде тұрады.
Ел халқының табиғи өсімі 8 айда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% азайып, 172,4 мың адам болды.
АХАЖ мәліметтері бойынша, қаңтар-тамызда Қазақстанда 263,8 мың сәби туған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% аз, – делінген хабарламада.
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 91,4 мың адам қайтыс болды. Бұл өткен жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 22,3% аз. 1000 адамды есептегенде 7 адам қайтыс болған.
Taulik.kz