Сарапшы iPhone 5 және iPhone 5C смартфондарының иелері мессенджерден толығымен бас тартуы керек. Өйткені, бұл модельдер үшін жаңартулар тоқтатылғанын ескертеді.Бұл мәселеде құқықтық та, техникалық та себептер бар. Заңды жағы – кез келген өнімнің пайдаланушы келісімінде бағдарламаны жүктеп алу мүмкін болмауы немесе кедергілер туралы жазылған. Егер операциялық жүйе немесе құрылғы деректерді қауіпсіз тасымалдай алмаса, WhatsApp осы жабдықты жүктеуді немесе пайдалануды шектеуге құқылы.
«Техникалық аспект: егер деректерді тасымалдаудың техникалық мүмкіндігі болмаса, оған заңмен тыйым салынуы мүмкін», – деп түсіндірген vvCube сарапшысы.Уақыт өте келе WhatsApp қосымшасы басқа да смартфон өндірушілердің операциялық жүйелерінің ескіруіне байланысты жұмысын тоқтатуы мүмкін. 6 қазанда Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров қолданушыларды WhatsApp-тан аулақ болуға шақырды. Дуров хакерлер осы қолданба арқылы смартфондардағы деректерге қол жеткізе алатынын ескертті.
Кәсіпкердің бұл мәлімдемесі екі компания арасындағы бітіспес бәсекені көрсететін имидждік қадам деп бағамдауға болады.
Taulik.kz