Мәзір
17 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Ерлі-зайыптылар адамды азаптап, құрбандыққа шалды деген күдікпен ұсталды

Ерлі-зайыптылар адамды азаптап, құрбандыққа шалды деген күдікпен ұсталды

Ерлі-зайыптылар адамды азаптап, құрбандыққа шалды деген күдікпен ұсталды Ерлі-зайыптылар адамды азаптап, құрбандыққа шалды деген күдікпен ұсталды
ашық дереккөзі
Үндістанның Керала штатында полицейлер үш адамды кісі өлтірді деген күдікпен ұстады. Олар адамдарды азаптап, құрбандық шалу рәсімін өткізген. Ал құрбандары 57 және 49 жастағы екі әйел болған, деп хабарлайды Taulik.kz сайты stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Адамды құрбандыққа шалу күдігімен ұсталғандардың екеуі ерлі-зайыптылар Бхагавал Сингх пен Лейла, ал үшіншісі олардың таныстары – «аюрведтік емші» Мохаммад Шафи. Полиция мәліметінше, құрбандарын өлтірмес бұрын оларды аяусыз азаптаған. Тұтқындалған соң күдіктілер қылмыстарын мойындады. Коччи қаласының полиция комиссарының сөзінше, ұсталғандар рәсімді «ақша табу үшін» өткізген. Қазір полиция олардың жауаптарына қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Тергеу мәліметінше, айыпталушылар Коччи қаласында лотерея билеттерін сатқан құрбандарын ақша беретіндерін айтып, алдап шақырған. Алдымен олардың бастарын кесіп, кейін денелерін де бөлшектеп тастаған. Әйел мәйітінің бөлшектері Сингхтің үйінің маңынан 11 қазанда қазып алынды. Марқұмдарды туыстары тани алмағандықтан, қалдықтары ДНҚ сараптамасына жолданды. Полиция өлген әйелдің телефонындағы қоңырауларды тексеріп, оған бірнеше рет Шафи есімді азаматтың қоңырау шалғанын анықтады. Қазір ол күдіктілердің қатарына қосылған. Полиция Сингхпен сөйлескен Шафидің де қоңырауларын тексерген. Тәртіп сақшылары Сингхті тергеген кезде ол барлығын мойындапты. Тергеу кезінде Сингх пен оның әйелі және Шафи тағы бір әйелді өлтіргені белгілі болды.
«Мұның біртүрлі іс екенін мойындау керек. Қазір біз кісі өлімдері нақты қай кезде болғанын және өзге де құрбандардың бар-жоғын тексеріп жатырмыз», – деді инспектор Пракаш.

Апта талқысында: