Мәзір
17 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

«Командирі Аллаға тіл тигізген»: БАҚ Ресей полигонындағы қырғынның себебін жазды

«Командирі Аллаға тіл тигізген»: БАҚ Ресей полигонындағы қырғынның себебін жазды

«Командирі Аллаға тіл тигізген»: БАҚ Ресей полигонындағы қырғынның себебін жазды «Командирі Аллаға тіл тигізген»: БАҚ Ресей полигонындағы қырғынның себебін жазды
ашық дереккөзі
РФ Белгород облысының Солоти ауылына жақын атыс алаңындағы қырғын діни қақтығыстан туындауы мүмкін, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап. Еске сала кетсек, 15 қазанда Белгород маңында Солоти ауылындағы әскери полигонда екі адам (кейбір деректе үш адам) әскерилерге оқ атқаны туралы хабар тараған еді. Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, 11 әскери қызметкер қаза тауып, 15-і жараланған. Бейресми дереккөздердің айтуынша, қаза тапқандар саны 22-ден 28 адамға дейін артқан. Astra-ға сұхбат берген адамдардың бірінің айтуынша, жанжал үш сарбаздың - дағыстандық, әзірбайжандық және адыгейдің «бұдан былай әскерде қызмет еткісі келмейтіні туралы өтініш жазғысы келгенінен» басталған. Өйткені олар «бұл біздің соғыс емес» деп мәлімдеген. Мұны естіген Андрей Лапин атты подполковник «барлығын жинап» алып, «бұл қасиетті соғыс» деп мәлімдеген. Командирдің бұл сөзінен кейін тәжік азаматтар қасиетті соғыс деген мұсылмандардың кәпірлерге қарсы соғысы екенін айтқан. Бұған жауап қайтарған командир «Алла қорқақ» деген сөз айтып, сол жердегі мұсылмандардың ашуын туғызған.
«Лапин «егер сен ант берген елге қызмет етуге рұқсат бермесе, Алланың өзі қорқақ» деді. Бұл сөз плацта тұрғандардың ашуын туғызды. Өйткені офицерлер құрамында да башқұрттар мен татарлар бар еді», - делінген әңгімеде.
Астра дереккөзінің хабарлауынша, көп ұзамай атыс алаңында Тәжікстанның келісімшарт бойынша қызмет атқаратын үш сарбазы басқа мұсылмандарға ары тұра тұруды өтініп, «пулеметтерін бұрып», Лапинді өлтірген. Кейін бей-берекет оқ жаудырып, тағы 29 адамды жер жастандырған. Атысты естіген Семёнов деген прапорщик екі шабуылдаушыны өлтіріп, үшіншісін жаралаған. Үшіншісі қашып үлгерген. Басылымға сұхбат берген дереккөз оқ атқандардың есімі аға сержант Бикзот, кіші сержант Ами (ол қашып үлгерген) және Ануше екенін айтқан.

Апта талқысында: