«Мобилизация мыңдаған мәскеулік отбасылар үшін үлкен сынақ болды, олардың әкелері, күйеулері мен ұлдары бүгінде әскерге тартылады. Алайда, ішінара жұмылдыру міндетін орындау, ең алдымен, мәскеуліктердің жауапкершілігі, парызы және патриотизмінің арқасында іске асырылды. Мен сіздерге алғыс пен ризашылығымды білдіремін. Біз бәріміз сіздердің тағдырларыңызға уайымдаймыз, алда кездесетін қиындықтар мен қауіп үшін алаңдаймыз. Сіздерді тірі және сау қайтады деп үміттенеміз», - деп жазды Собянин.Соғысқа аттанатын сарбаздардың отбасыларына көмек көрсетілетінін де тілге тиек етті.
«Біз әлі де Қорғаныс министрлігіне материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етуде тікелей көмектесеміз. Мәскеуліктер әскери борышын өтеп жүрген аймақтардың басшылығымен бірге біз әскери бөлімдердегі жағдайды жақсартуға көмектесеміз», - деді Сергей Собянин.
Taulik.kz