Мәзір
18 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

2030 жылға қарай ракқа қарсы вакцина дайын болуы мүмкін

2030 жылға қарай ракқа қарсы вакцина дайын болуы мүмкін

2030 жылға қарай ракқа қарсы вакцина дайын болуы мүмкін 2030 жылға қарай ракқа қарсы вакцина дайын болуы мүмкін
ашық дереккөзі
COVID-19 вирусына қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын ойлап тапқан жұптың айтуынша, ракқа қарсы вакцина бірнеше жылда дайын болады, деп хабарайды taulik.kz abcnews сайтына сілтеме жасап.
«Біз ракқа қарсы дәрінің немесе онкологиялық аурулардың емін табу біздің қолда деп ойлаймыз», - дейді профессор Озлем Тюречи BBC News-ке берген сұхбатында Оның күйеуі, профессор Угур Сахиннің айтуынша ракқа қарсы вакцияна 2030 жылға дейін дайын болуы мүмкін екен.
Ерлі-зайыптылар 2008 жылы мРНҚ технологиясын қолдана отырып, қатерлі ісікке қарсы иммунотерапия құралдарын жасау және өндіру үшін BioNTech компаниясының негізі қалады. Алайда пандемия басталғаннан кейін олар бұл технологияны коронавирусқа қарсы вакцина ойлап табуға қарай бағыттаған.
«Басынан бастап біздің назарымыз әрқашан қатерлі ісік пен жұқпалы аурулармен сәтті күресу үшін дененің иммундық жүйесінің барлық әлеуетін пайдалануға бағытталған», - делінген компанияның веб-сайтында.
Қос профессордың айтуынша, COVID-19-ға қарсы дайындалған вакцина ракқа қарсы емді ойлап табуға деген мүмкіндікті одан әрі жеңілдете түскен.

Апта талқысында: