«Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметіне жедел медициналық жәрдем станциясынан қоңырау түсті. Дәрігерлер Атырау қаласындағы ауруханаға табиғи газбен уланған алты адам түскенін хабарлады. Үш бала мен бір жасөспірім облыстық балалар ауруханасына, екі ересек адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Алайда, 90 жастағы әжені құтқару мүмкін болмады. Ол уланғаннан кейін көз жұмды. Зардап шегушілердің қалғаны медициналық көмек көрсетілгеннен кейін есін жиды. Қазір олардың жағдайы тұрақты», - деп мәлім етті Магомед Ахриев.Оның айтуына қарағанда, уланудың басты себебі – газ қазандығының құбыры тот пен қоқыспен бітеліп қалған. Соның салдарынан от сөніп, газ тарала бастаған.
Taulik.kz