«КВН-щик КГБ-шникті жеңді». Жалпы, менің ойымша, бұл – демократияның жемісі. Демократия орын алған жерде осындай президенттер билікке келеді. Ресейді құлдырататын комик Зеленский деген бар еді ғой, міне сол күн келіп отыр дейді белгілі қоғам белсендісі Арман Шораев Есен Елеукеннің «Yesti Podcast» жобасында.
Арман мырза Есен Елеукеннің журналистикаға, тіл мәселесіне, Қазақ барысына және Украина-Ресей соғысына қатысты т.б. сұрақтарына
жауап берді.
Оның айтуынша, Украина – Ресей арасындағы шиеленісте Ресей шабуыл бастаған күні-ақ жеңілді.
«Мен өткен жолы да айттым, Ресей шабуыл бастаған күннен бастап жеңілді. Қазір оған көзіміз жетіп отыр. Бір-екі апта өтті, олар міне кәдімгідей ауыздары күйіп, солтүстігінен кетті. Украинаның батыр халқы әрі қарай да кетіреді деп ойлаймын. Өйткені бұл ситуацияда ақ пен қараны ажырату қиын емес. Ресей шынымен, агрессор. Оларда мотивация да жоқ. Ресейдің әскерилері не үшін соғысып жатыр?! Олар барып көрді, кәдімгі бейбіт адамдар. Мен Украинада оқыған кезде де ұлтшылдар болған жоқ онда, қазір де жоқ», дейді Арман Шораев.
Оның айтуынша КВН-щик КГБ-шникті жеңді деген әңгіме расталып отыр.
«Шынымен солай болды. Жалпы, менің ойымша, бұл демократияның жемісі. Демократия орын алған жерде осындай президенттер билікке келеді. Ресейді құлдырататын комик Зеленский деген бар еді ғой, міне сол күн келіп отыр», деді қоғам қайраткері.