«30 жылда бір жатақхана салып бере алмадық»
"Қоғамдағы үлкен проблема - жатақхана мәселесі. Бұл мәселенің қашан көтерілетінін білесіз бе? Тек қыркүйек айында ғана, студенттерге орын жетпей қалған кезде шу болады. Қалған уақытта не министр де, не әкім де бұл мәселеге басын ауыртпайды. Соның мысалы, Қазақ ұлттық университеті, әлі күнге 1 жаңа жатақхана салып бере алмай отырмыз" деп күйінеді Мәжіліс депутаты.