Мәзір
19 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

11 млрд қаржы: Ел бюджеті қайда жұмсалатыны талқыланды (ФОТО)

11 млрд қаржы: Ел бюджеті қайда жұмсалатыны талқыланды (ФОТО)

11 млрд қаржы: Ел бюджеті қайда жұмсалатыны талқыланды (ФОТО) 11 млрд қаржы: Ел бюджеті қайда жұмсалатыны талқыланды (ФОТО)
ашық дереккөзі
Парламент мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин ел бюджетінің алдағы уақытта қандай мақсатта жұмсалатыны туралы өз facebook парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Taulik.kz.
2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет еліміздің экономикалық жағдайының қиын кезеңінде қабылданып отыр. Бюджетіміз негізінен әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.
Осы бюджетті талқылау кезінде әріптесім Самат Мусабаев пен бірге Маңғыстауға қажетті екі маңызды жобаны көтеріп, қаржы бөлдіруге ұсыныс бердік. Қаржы жетпей жатқанда, бюджетке жобаларды енгізу өте қиын мәселе екені белгілі.
Бұл мәселені Мәжіліс төрағасы Ерлан Кошановтың деңгейіне дейін көтеруге тура келді. Спикеріміз қашанда Маңғыстауға аса көңіл бөліп отырады. Ол кісіге Алла риза болсын, ұсынысымызды қолдап, біз "ең болмаса Түпқараған ауданының ауыз суына 1 млрд теңге қажет" дегенде, "бұл қаржы аз болады тағы 1 млрд теңге қарастырыңыздар" - деп тиісті Комитетке тапсырма берді. Соның арқасында 3 жылдық республикалық бюджетке Маңғыстаудан жаңа екі жоба енді.
Бұл қандай жобалар? 1. Түпқараған ауданынының Форт-Шевченко қаласында қуаты тәулігіне 5000 куб ауыз су шығаратын зауытын салу. 2023 жылға - 2,0 млрд теңге, 2024 жылға 5,4 млрд теңге. Бұл жобаны іске асыру үшін Самат Базарбайұлымен бірге мемлекеттік сараптаманы алудан бастап, бюджетке енгізуге дейінгі аралықта біраз жұмыстар атқардық. Аудан әкімі Рахат Тезекбайұлы Елтизаровта үнемі бізбен байланыста болды. 2. Ақтау қаласындағы ХГМЗ-дан 17 станцияға дейінгі 5,9 км жол құрылысы. 2023 жылға - 1,0 млрд теңге, 2024 жылға - 2,4 млрд теңге. Бұл жобаның маңыздылығы Ақтау қаласына кіретін жолдарда көліктердің кептелісін азайту. Бұл жол 1000-3000 көлік жүруге арналған, ал қазір бұл жол арқылы 22 мыңдай көлік тәулігіне облыс орталығына кіреді екен.  width=  width=
Ендігі мәселе осы жобаларға бөлінген қаржыларды дер кезінде және тиімді игеріп, халық игілігін уақытында көруі керек, деп жазды депутат.

Taulik.kz

Апта талқысында: