logo
search
menu

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев өзіне қысым жасалғанын айтты

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев өзіне қысым жасалғанын айтты
20 қазан, 2022
Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев өзіне қысым жасалғанын айтты
ашық дереккөзі

Мазмұны

    ЖСДП партиясы атынан президенттіке кандидат Нұрлан Әуесбаев өзіне қысым жасалып жатқанын айтып, мәлімдеме жасады. Бұл туралы Taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  Әуесбаевтың айтуынша, аймақтарда партияны қолдаушылардың қолын есепке алмай жатыр.
    “Аяқтан шалуды қою керек! Мені қолдау үшін жиналған қол санын қабылдаудан бас тартуда, біздің партияға қысым көрсетіп әлек. Шымкенттегі сенімді өкілімнің дөңгелегін тесіп кеткендері қай сасқандары? Биліктің дегені болмайды, біз мұндай құйтырқы әрекеттерден қорықпаймыз. Біз кері қайтпаймыз, соңына дейін барамыз”, – деп жазды ол парақшасына.
    Сондай-ақ, Әуесбаев аймақтардағы қысымға қарамастан, жұмыс істеуді жалғастыратынын айтты. Десе де, қол санының аз болуына байланысты кандидат ретінде тіркелмеу қаупі барын жасырған жоқ.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы