Мәзір
20 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қант тапшылығының болғаны құзырлы органдардың салғырттығы - ТОҚАЕВ

Қант тапшылығының болғаны құзырлы органдардың салғырттығы - ТОҚАЕВ

Қант тапшылығының болғаны құзырлы органдардың салғырттығы - ТОҚАЕВ Қант тапшылығының болғаны құзырлы органдардың салғырттығы - ТОҚАЕВ
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу жұртшылығымен кездесуінде қант тапшылығының болғаны құзырлы органдардың салғырттығы деп мәлімдеді. 
«Еліміздегі 4 қант зауытының екеуі Жетісуда орналасқан. Оның біреуі – Ақсу қант зауыты жұмыс істемей тұр. Зауытты іске қосуға 2017 жылдан бастап облыстық бюджеттен 12 миллиард теңге жұмсалды. Алайда, серіктес инвестор тарапынан серпінді жұмыс байқалмай отыр. Биыл жазда елімізде қант бірден қымбаттап, тіпті, тапшылық туындады. Оның бәрі құзырлы органдардың салғырттығының кесірінен болды. Тіпті, тиісті кадрлық шешімдер қабылдауымызға тура келді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. «Жетісу облысында қант қызылшасы егілетін аумақты 2,5 есе ұлғайтып, 15 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Биылғы қант тапшылығы мәселесі өзіміздің шаруаларды қолдау өте маңызды екенін көрсетті. Жәрдем шаралары тек қазақстандық фермерлерді қолдауға арналған. Жалпы, біз отандық агро секторды қолдау жұмыстарын одан әрі жалғастыра береміз. Соның арқасында Жетісу өңірі еліміздегі қант өндіретін орталықтың біріне айналады», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Taulik.kz

Апта талқысында: