logo
search
menu

Сахаров сыйлығы Украин халқы мен Зеленскийге берілді

Сахаров сыйлығы Украин халқы мен Зеленскийге берілді
20 қазан, 2022
Сахаров сыйлығы Украин халқы мен Зеленскийге берілді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Еуроодақ Андрей Сахаров атындағы сыйлықты Украина халқы мен осы елдің президенті Владимир Зеленскийге берді. Бұл туралы Еуропарламент өкілі Роберт Метсол мәлімдеді, деп хабарлайды Taulik.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.  Украина халқын, Украина президенті Владимир Зеленскийді және Украина азаматтық қоғамының өкілдерін бұл сыйлыққа Еуропарламенттің бірнеше фракциясы ұсынды. Сахаров сыйлығы – Еуроодақтың адам құқығы бойынша ең беделді сыйлығы. Былтыр Сахаров сыйлығын ресейлік оппозиционер Алексей Навльный, оның арғы жылы Беларусь оппозициясы, 2018 жылы украиналық режиссер Олег Сенцов (Ресей аннекциялап алған Қырымда тұтқындалған еді) алған еді. Сенцов Ресей түрмесінен шыққан соң Еуропарламентте сөз сөйлеген.

    Taulik.kz

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы