Мәзір
20 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

507 млн теңге: Құмар ойындарға барған 305 мемлекеттік қызметкер анықталды

507 млн теңге: Құмар ойындарға барған 305 мемлекеттік қызметкер анықталды

507 млн теңге: Құмар ойындарға барған 305 мемлекеттік қызметкер анықталды 507 млн теңге: Құмар ойындарға барған 305 мемлекеттік қызметкер анықталды
ашық дереккөзі

Алматы облысының прокуратурасы құмар ойындарына барған 305 мемлекеттік қызметкерді анықтады, деп хабарлайды Taulik.kz ZTB.kz инстаграм парақшасына сілтеме жасап. 

Құмар ойынды ұнататындар арасында министрлік, құқық қорғау органдарының, қаржы департаменттерінің өкілдері бар.

Жалпы бұл шенеуніктер құмар ойындарға 507 миллион теңге жұмсаған. Олардың ішінде:

▪️ҚР Ішкі істер министрлігі – 97 млн;

▪️ҚР Қорғаныс министрлігі – 95 млн;

▪️Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі – 25 млн;

▪️Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты – 7 млн;

▪️ҚР Қаржы мониторингі агенттігі – 15 млн;

▪️ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – 3 млн;

▪️Жергілікті атқарушы органдар – 36 млн;

▪️Басқа мемлекеттік органдар – 27 млн.

Прокуратура көптеген шенеуніктердің жыл сайынғы ресми жалақыларынан айтарлықтай асатын мөлшерде ақша жұмсағанын атап өтеді. Мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға жұмсаған ақша көзінің қайдан келгенін анықтау үшін әрбір мемлекеттік органның ведомстволық тексеруін талап етеді.

Taulik.kz

Апта талқысында: