Мәзір
20 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Қосан Тасқынбаев: Адамзатқа ауызбіршіліктің қадірі артып барады

Қосан Тасқынбаев: Адамзатқа ауызбіршіліктің қадірі артып барады

Қосан Тасқынбаев: Адамзатқа ауызбіршіліктің қадірі артып барады Қосан Тасқынбаев: Адамзатқа ауызбіршіліктің қадірі артып барады
ашық дереккөзі

Қазақстан Тәуелсіздік алған алғашқы кезеңдерден бері бейбітшілік пен ынтымақты асыл мұра көріп, жолына мақсат тұтты.

Соның дәлелі қазір анық аңғарылады – жүзден астам этнос бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Әрқайсысының мәдениеті астасып, дағдысы ретке түсіп, мызғымас бейбітшілікті құрағандай. Әлемде қырғи-қабақ жұрт көбейіп, жағдай күрделенген сайын адамзатқа ауызбіршіліктің қадірі артып барады.

Осы себепті ескерген соң таяуда Рим Папасы Франциск Қазақстанға келіп, ынтымақ жайлы біраз ойын ортаға салды. Басқа елдерге «үлгі алыңдар» дегендей нышан аңғартты. Сондықтан Рим Папасының елімізге келуін көп іс-сапардың біріне санай салуға болмайды.

Жалпы, соңғы кездері мемлекет аумағында дүниежүзілік мәселелерді шешуге бағытталған маңызды кездесулер жиі өткізілуде. Солардың бірегейі және бастысы болған – жуырда Астанада өткен ТМД елдерінің саммиті.

Соңғы 2 жылдан астам уақыттан бері ТМД елдерінің мүшелері бірігіп бас қоспаған екен. Яғни, белгілі бір дәрежеде ұйымның дәрежесі төмендеп, бірлігіне селкеу түсе бастаған. Осыны білген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түйткілді проблемаларға келгенде уақыт оздыруға болмайтынын ескертіп, бәрін жиып, талқы өткізді. Дипломатиялық тәсілдерді жақсы меңгерген, ішкі және сыртқы саяси жағдайға қанық Президенттің қадамы бекер болған жоқ.

Келген қонақтар мәселелерді ашық айтып, біршама пікірталас та өткізді. Бірлесіп дамудың жолын ойластырды. Қазақстан соңғы кездегі басқосулар арқылы өзінің абыройы мен ықпалын еселеп алды десек – артық айтқанымыз емес.  

Taulik.kz

Апта талқысында: