«Үлкен экономикалық және халықаралық тұрақсыздық кезеңінде қызметке кірістім. Халық пен кәсіпорындар электр энергиясы үшін төлемдерді қалай төлейміз деп алаңдап жатты», – деді Трасс.Ол «қазіргі ситуацияда» өзіне жүктелген міндеттерді атқара алмайтынын мойындады. Шенеунік өзінің орнына басқа премьер-министр тағайындалғанға дейін қазіргі міндетін атқара тұратынын айтты. Консерваторлар партиясының жаңа жетекшісі мен премьер-министрді сайлау келесі аптада болады. Ол бұл қызметте бір жарым ай ғана жүрді және қазір ел тарихында ең аз уақыт премьер-министр болған адам атануы мүмкін. Бұрын бұл рекорд Джордж Каннингке тиесілі болған. Ол 119 күн премьер-министр қызметін атқарды. 1827 жылы қайтыс болуына байланысты қызметінен босатылған еді. Айта кетейік, Лиз Трасс бес апта бұрын басқарушы Консервативті партияның жетекшісі, яғни премьер-министр болып сайланды. Оның салық реформасы сынға ұшырап, қаржы министрін ауыстыруға мәжбүр болды.
45 күндік карьера: премьер-министр болған Лиз Трасс отставкаға кетті
45 күндік карьера: премьер-министр болған Лиз Трасс отставкаға кетті
20 қазан, 2022

Мазмұны
45 күн бұрын сайланған Ұлыбританияның премьер-министрі Лиз Трасс отставкаға кетті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты Sky News басылымына сілтеме жасап.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы