Мәзір
20 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Белгілі кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қазақтың намысты жігіттері бар екенін ескертті (ВИДЕО)

Белгілі кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қазақтың намысты жігіттері бар екенін ескертті (ВИДЕО)

Белгілі кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қазақтың намысты жігіттері бар екенін ескертті (ВИДЕО) Белгілі кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қазақтың намысты жігіттері бар екенін ескертті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау Chocolife компаниясының басшысы Рамиль Мухоряповқа қазақтың намысты жігіттері бар екенін ескертті. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Taulik.kz сайты ZTB-ға сілтеме жасап.
«Біздің тілімізге әңгіме айтатын жағдайға жетіп, басқа шыққың келе ме, Рамиль? Жоқ! Сен қателеспе, енді ақталма да! Мен саған қаным қазақ, жаным қазақ ретінде ескертемін, аузыңа ие бол! Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, елдің тілі! Қазақша сөйлейтін Президентіміз де саған мәдениетсіз болып көріне ме?! Ағайын, тілімізді балақтағы биттей таптағандарды қолдап жүрген сіз бен бізде намыс бар ма?! Бүгінгі мұндай арсыздардың ісіне күйіп тұрмын. Бұны қолдап жүрген қазақтар сендерде намыс болса айтыңдар: аузына ие болсын, кімнің мәдениетті, кімнің ұлтжанды екенін бізге үйретпесін», – деді кәсіпкер.
Сондай-ақ ол өз сөзінде, «Намысы бар қазақтар Рамильдің парақшасынан кетіңіздер. Қолдары бірнәрсеге жетсе абалап шығатындар – нағыз қазақтың жауы. Бұлар Қазақ елінде тайраңдап, тілімізді аяққа таптамау керек. Мемлекеттік құндылықты таптаған адамға ел болып қарсы шығайық! Осы жағдай үкімет басында жүрген ел азаматтарының құлағына алтын сырға болу керек. Ертең жаңа Рамильдер шықпайтынына кім кепіл?! Жаңа Қазақстанда тілді таптаған, қорлаған адамдарға қатаң шара қолданылу қажет», – деп атап өтті. Айта кетейік, осыған дейін Мухоряпов орыс тілін біле тұра, шеттен келгендерге қазақша жауап беру қонақжайлылықтың белгісі емес деп, артынша кешірім сұрап видео жолдаған еді. Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.

Апта талқысында: