Мәзір
20 қазан, 2022 / taulik / Жаңалықтар

Сізге қауіп төніп тұр: Facebook-тен өшіруіңіз керек 13 мәлімет

Сізге қауіп төніп тұр: Facebook-тен өшіруіңіз керек 13 мәлімет

Сізге қауіп төніп тұр: Facebook-тен өшіруіңіз керек 13 мәлімет Сізге қауіп төніп тұр: Facebook-тен өшіруіңіз керек 13 мәлімет
ашық дереккөзі
Кейде адамдар күллі әлемге өзі туралы және жеке өмірі туралы бәрін айтып тастайды. Facebook-тен осы 13 нәрсені тезірек өшіріңіз:
  1. Отбасылық жағдай
Желіде жұбыңыздың бар екенін айтпауыңыз маңызды. Егер айырылысып кетсеңіз, түрлі адамдар сізді бақылап, артыңыздан аңди бастайды. Сонымен қатар бұл арқылы сіздің үйде жалғыз болғаныңызды білуге мүмкіндік болады.
  1. Балалардың суреті
Бұл – ата-аналар үшін қиын болуы мүмкін. Қазіргі уақытта балалардың барлығы дерлік онлайн фотоальбомымен өсіп жатыр. Бірақ оның бәрін кім көретіні туралы ой санаңызға кіріп-шықпаған болар. Мысалыға, балаларыңыздың суреттері педофилдердің немесе балалар порнографиясын жасаушылардың, тіпті, маньяктардың қолына түсуі мүмкін. Сол үшін ешқашан желіде балаңыздың жартылай жалаңаш және жалаңаш суреттерін жарияламаңыз.
  1. Балалар оқитын мектеп/балабақша атауы
Балаңыздың қай жерде жүргені туралы мәліметтерді хабарлауға болмайды. Бұл ақпаратты жаман ойдағы адамдар өз мақсаттары үшін пайдалана алады.
  1. Күмәнді суреттеріңіз
Әлеуметтік желіде жариялаған тым ашық, заңсыз және күмәнді суреттер сіздің жұмысыңызға шығын әкелуі мүмкін. Тіпті, жойылған суреттер де сізге зиян тигізеді. Өйткені сіз оларды кімнің сақтап алғанын білмейсіз. Мұндай материалдарды ғаламторда жарияламағаныңыз дұрыс.
  1. Досыңыз емес адамдарды
Оксфордтық психология профессоры Робин Данбар кез келген адам 150-ге жуық тұрақты қарым-қатынасты құра алады деп санайды. 3375 Facebook парақшаны талдаған Данбар олардың Facebook-тегі достарының 4,1-і сенімді екенін, ал 13,6-сы жай жанашырлық білдірген адамдар екенін анықтаған.
  1. Кредит және басқа да банктер туралы мәліметтер
Көбі бұл туралы ұмытып кетеді. Егер сіз Facebook арқылы бірдеңе сатып алсаңыз, әрқашан карта деректемелерін алып тастаңыз. Әйтпесе ол желіде сақталып қалып, оны хакерлер ұрлауы мүмкін.
  1. Телефон номеріңіз
Ең жеңілі – жанкүйеріңіз болуы мүмкін. Ал ең нашар дегенде – сізді таңнан түнге дейін мазалайтын адам пайда болуы ықтимал.
  1. Сіз белгіленген жазбалар
Мұндай жазбалардың бәрін жойып қажет емес. Алайда абай болыңыз. Сізді біреу суретте немесе жазбаларда белгілегенде, оларды белгілі бір пайдаланушының құпиялылық параметрлеріне байланысты сіз ойлағаннан да көп адамдар көреді.
  1. Туған күніңіз туралы мәлімет
Туған күніңізді және туыстарыңыздың туған күнін жарияламаңыз. Бұл сіздің қаржылық қауіпсіздігіңізді бұзады. Адамның туған күні кейде есептік жазбаны ұрлау немесе құпия сөзді табу үшін жеткілікті.
  1. Бастығыңыз туралы ақпарат
Бұл – классикалық жанр. Facebook – қарым-қатынасты қамтитын әлеуметтік желі. Әрине, мәртебелерді бастыққа көрінбейтін етіп реттеуге болады.
  1. Геолокация
Адамдардың көбі Facebook-те суреттерін жариялаған кезде геолокацияны белгілейді. Бұл дұрыс емес. Сіз өзіңіздің қайда екеніңізді хабарлаған кезде, қарақшылар сіздің үйде болмағаныңызды және әлі біраз уақыт болмайтыныңызды көреді.
  1. Демалыс туралы мәлімет
Барлығына қалада болмайтыныңызды алдын ала ескертудің қажеті жоқ. Өйткені бұл – қарақшыларды тартудың ең жақсы жолы. Полицияның мәліметінше, қылмыскерлер құрбандарын таңдау үшін әлеуметтік желілерді көбірек пайдаланатын көрінеді.
  1. Әуе билетінің немесе отырғызу талонының суреті
Әуе билетінің немесе отырғызу талонының суретін жариялаған кезде, сіз броньды өзгертуге немесе жоюға болатын ақпаратты ортақ пайдаланасыз. Авиакомпанияның веб-сайтына кіріп, броньдау аты мен кодын немесе билет нөмірін енгізу жеткілікті. Осы деректерді пайдалана отырып, басқалар сіздің орныңызды өзгерте алады. Есіңізде болсын, әлеуметтік желілер сізге күллі әлемнің есігін ашады. Оларды жауапкершілікпен пайдаланғаныңыз дұрыс.

Апта талқысында: